BEELINE ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Александр Комаров Компанияның Бас атқарушы директоры лауазымында Тарас Пархоменконы ауыстырды.
Тарас Пархоменко 2015 жылы 31 желтоқсанда Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры лауазымындағы өз қызметін аяқтады, ол компанияны 3 жыл басқарған. 2013 жылғы шілдеден бері компанияның Бас коммерциялық директоры болып қызмет атқарған Александр Комаров 2016 жылғы қаңтардан бастап Beeline Қазақстан компаниясының басшысы болды.
Тарас Пархоменко өзгеріс туралы: «Менің еңбек шартым аяқталды. Өткен шаққа көз жібере отырып, бұл тамаша үш жыл болды деп айта аламын. Мен үшін бұл – әлеуетті кәсіпқой мамандар тобына жетекшілік ете отырып, нарықтық қатаң бәсекелестік пен дамыған технология жағдайында жұмыс істеудің тамаша тәжірибесі болды. Осы үш жылда біз, компанияның нарықтағы орынын нығайтып, абоненттік базаны кеңейттік. Бүгін Beeline белсенді түрде санды/digital компанияға айналуда және алдыда көптеген күрделі әрі үлкен мақсаттар тұр. Мен Александрға және Beeline Қазақстанның бүкіл командасына өздерінің бүкіл әрекеттерімен, Қазақстанның барлық адамдарына прогресс әкелуді, сол арқылы олардың өмірлерін жақсартып, өсу және даму үшін жаңа мүмкіндіктер беруін тілеймін», - деп өз пікірін білдірді.
Тарас Пархоменконың жетекшілігімен компания абоненттер саны бойынша нарықтағы үлесін 5%-ға, ал табыстылық бойынша нарықтағы үлесін (EBITDA) 40%-ға арттырды. Оператордың клиенттер саны 14%-ға жоғарылап, осы уақыт аралығында миллионнан астам адам Beeline-ға қосылды. Интернетті тұтыну бес есеге артты, ал мәліметтерді жолдау түсімі 76%-ға жоғарылады. Компания сымды интернетке Қазақстанның барлық облыс орталықтарын қосып, осы сегменттегі түсімін 53%-ға өсірді. «Үйдегі Интернеттің» клиенттік базасы 38%-ға өсіп, 400 мыңнан астам түсімді құрады. Компанияда «Жылы жүрек» ерікті қызметкерлер қозғалысы құрылды. Beeline Қазақстанның 500-астам қызметкері осы бастамаға қосылып, шамамен 10 000 адам көмек алды. 2015 жылы «National Business» іскерлік талдамалық журналы Тарас Пархоменконы Қазақстанның үздік 10 СЕО қатарына қосты. 2013 жылы ол Vlast.kz сараптамалық интернет-журналының жыл сайынғы «Жыл адамы» бәйгесінің нұсқасы бойынша «Жыл менеджері» болып танылды.
«Мен үшін нарықтық трансформация жағдайында компанияны басқару - бұл үлкен сын. Алдымызда өте қызықты шақтар тұр - 4G желісін құру және іске қосу, мобильді қаржыларды дамыту, мобильді және тұрақты қызметтерді бір топтамаға біріктіру және басқалары. Beeline-да ең бастысы – әлеуетті кәсіпқой мамандар тобы мен дені сау корпоративтік мәдениет бар және мен, бәріміз бірге биік нәтижелерге жететінімізге сенімдімін», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойымен бөлісті.
Өмірбаян анықтамасы
Тарас Пархоменко Beeline Қазақстанды 2013 жылғы 1 ақпаннан бері басқарып келді. Бұған дейін ол 8 жыл Украинаның ірі телекоммуникациялық операторы «Киевстар» компаниясының маркетингін басқарған. 2003-2006 жылдар аралығында «АРТЕРИУМ» фармацевтикалық корпорациясының маркетинг директоры лауазымында қызмет атқарған, ВВН компаниясында жұмыс істеген. Еңбек жолын «Голден Телеком» компаниясында бастап, 5 жыл бойы (1996-2002) маркетинг және стратегиялық жоспарлау саласында жұмыс істеген. Тарас Киев халықаралық азаматтық авиация университетін тәмәмдап, инженер-жүйетехник және экономист дипломын алған, ал 2002 жылы британдық Маркетингтің Чартерлік институтын (CIM) бітірген. 2008 жылы «Компаньон» журналының нұсқасы бойынша Укранинаның үздік маркетинг-директорларының үштігіне кірген. 2009 жылы Украинаның Халықаралық Маркетинг Тобының маркетингі бойынша директорлар рейтингінде №1 орынға ие болған. 2011 және 2012 жылдары «Marketing Media Review» журналы Тарасты екі рет Украинаның үздік маркетинг-директоры ретінде мойындады, ал «Инвестгазета» оны Украинаның 7 үздік топ-менеджерлерінен тұратын «Армандағы команда» қатарына қосты. 2013 жылы ол Vlast.kz сараптамалық интернет-журналының жыл сайынғы «Жыл адамы» бәйгесінің нұсқасы бойынша «Жыл менеджері» болып танылды. 2015 жылы «National Business» іскерлік талдамалық журналы Тарас Пархоменконы Қазақстанның үздік 10 СЕО қатарына қосты.
Александр Комаров 2013 жылғы шілдеден бері Beeline Қазақстанның коммерциялық блогын басқарып келді. Бұған дейін ол 2007-2013 жылдар аралығында Украинадағы ірі жарнамалық холдинг - GroupM компаниясының атқарушы директоры болған. 2002 жылы Adell Saatchi & Saatchi (Видео Интернешнл Киев) компаниясының бизнесті дамыту директоры лауазымына шақыртылды. 2004 жылы осы жарнама агенттігінің атқарушы директоры болған, кейінірек Украинадағы Видео Интернешнл тобын басқарған. 1997 – 2002 жылдар аралығында Globalstar компаниясында маркетинг және сату саласында жұмыс істеген. Өз еңбек жолын Александр 1994 жылы Киев қаласындағы Басқару және байланыс әскери институтының Ғылыми-зерттеу орталығында бастаған. Александр Киев қаласындағы Политехникалық институтты «машина құрастырудағы электронды құрылғылар» мамандығы бойынша бітірген, ал 2001 жылы британдық Маркетингтің Чартерлік институтын бітірген(CIM). Стокгольмдегі Экономика мектебінің МВА дәрежесінің иегері.