«АЛМАТЫ-АҚТӨБЕ» ЖҮРДЕК ПОЙЫЗЫ КҮНАРА ҚАТЫНАЙДЫ
7 қаңтардан бастап, «Алматы-2-Ақтөбе» бағытындағы №49/50 жүрдек пойызының екінші құрамы жолға шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен, - деп жазады «Қазақпарат».
Компания ақпаратына қарағанда, бұған дейін бұл пойыз 4 күнде бір рет қатынайтын. Енді ертеңнен бастап, жүрдек пойыз күнара жүретін болады. Жолға 29 сағат уақыт кетеді. Ал қарапайым жолаушылар пойызы бұл аралықты 43 сағатта жүріп өтетін.
Жүрдек пойыздың екінші құрамында 29 заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондары бар. Оның 2-еуі - «Грант», 2-еуі - «Бизнес», 20-сы - «Турист» санатында. Мұнан бөлек, 2 вагон-мейрамхана мен 3 техникалық вагон да бар.
Айта кетерлігі, бұл пойызға да Жаңа жыл қарсаңында «Тұлпар-Тальго» пойыздарына енгізілген 40 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.
Мәселен, пойыз жөнелтілетін күні «Турист» санатындағы вагонға билетті 8500 теңгеге сатып алуға болады. Ал «Құрмет» және «Жастар» жеңілдік карталары бар зейнеткерлер мен студенттер бұл билетті 30 пайыздық жеңілдікпен 5950 теңгеге алады. Дәл осы билетті ерте сатып алған жолаушы қалтасынан не бәрі 5500 теңге шығарады.