БИЫЛДАН БАСТАП ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ ҰСТАҒАНДАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛМАҚ
1 қаңтардан бастап елдегі бірқатар заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Мысалы, енді жол-көлік апатының шығындарын сақтандырушы тарап бағалайды, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі.
Әу баста бұл бастамаға тәуелсіз бағалаушы компаниялар мен көлік иелері тарапынан наразылық тудырған болатын. Олар сақтандырушы тарап өз мүддесі үшін шығынды азайтып көрсетеді деп қауіптенген еді. Травматикалық қаруды ішкі істер органдарына өткізбегендер үшін жауапкершілік жүгі ауырлады. Заңға бағынбай, суық қаруды үйінде сақтағандарға 4 миллион теңге айыппұл салынады немесе 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Ел заңына енгізілген жаңа өзгеріске сай жаңа тұрғын үйді қабылдап алатын мемлекеттік комиссия жұмысын тоқтатты. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына сай құрылыс нысанын қабылдау актісіне енді тек тапсырыс беруші, оны орындаушы, авторлық және техникалық бақылаушы қол қояды.
Сондай-ақ жуырда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ дәрі-дәрмек нарығы құрылмақ. Оған сәйкес ортақ реестр, ортақ тіркеу заңдары енгізіледі. Бастама өз кезегінде дәрі құнының арзандауына септігін тигізбек.