2015 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДА КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ 19 МЫҢ 816 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
2015 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 мың 816 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1,6 пайызға, ал 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,6 пайызға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,5 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 17,7 пайызды, жемістер мен көкөністерді - 9,8 пайызды құрады. Ал нан және жарма өнімдерін алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 8,5 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер үлесі 2,5 пайызды құрап отыр.