ҚЫЗЫЛОРДА: ӨЗЕН СУЫ БАҚЫЛАУДА
Қызылорданың барлық сақтық құрылымдары Сырдария өзені арнасын торуылдап жүр. «24 кз» арнасының хабарлауынша, ауа райының жылылығына байланысты биыл дария бетінде қалың мұз қатқан жоқ. Тек Қазалы, Арал аудандарында ғана шағын мұз қатқақтары шоғырланған. Дегенмен мұның өзі бөгеттің сөгілуіне алып келуі мүмкін. Қазіргі таңда Шардара мен Көксарайдан секундына 600 текше\метр су келуде. Өзен бойында жырылу қаупі жоғары 27 бөлік анықталды. Сондай-ақ мамандар 21 гидротехникалық құрылғы жөндеуден өтуі тиіс деп санайды. Қазірде бөгеттер нығайтылып, су қабылдауға қауқары бар арналар аршылды. Оқыс оқиға болған жағдайда тұрғындарды көшіретін 100-ден астам бекет әзірленді.
- Қызылорда облысының аумағындағы 7 аудан және қала төңірегінен өтетін осы Сырдария өзенінің жағалауында жалпы 71 учаскеге бөлініп, жергілікті атқарушы орган тарапынан мекемелер және арнайы техникалармен және жүк тасымалдағыш техникалар, адамдар арнайы бекітілген. Күнделікті су қаупі болған жағдайда дер кезінде хабардар ету және жою бағытында шұғыл әрекет ету ұйымдастырылған, - деді облыстық ТЖД бөлім басшысы Марат Қобыландиев.