ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыс әкімінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айдар Сейсенбекұлы 1974 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалын - инженер-электромеханик, 1999 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын - экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының стажер оқытушысы ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының электрофикация кафедрасының ассистенті, лаборатория меңгерушісі, 1999-2002 жылдары - Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы, қала әкімінің кеңесшісі, 2002-2013 жылдары - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Береке» МКК директорының орынбасары, «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013 жылдан «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры қызметін атқарып келді.