АУА РАЙЫ: ҚАЗАҚСТАНДА АЛДАҒЫ КҮНДЕРДЕ ҚАР ЖАУЫП, БҰРҚАСЫНДАТАДЫ
Қазақстанда 5 және 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасындатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың барлық территориясында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райы тұрақсыздығы сақталады, бұрқасындатып, оңтүстік-шығыста жауын-шашынды, кей жерлерде күшті жел тұрады.
"Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде мұзтайғақ, тұман болады. Республиканың батысында ауа температурасы түнде 10-20 градустан 5-15 градусқа дейін суытады, күндіз 0-8 градус аяз; солтүстікте, шығыста 10-30, күндіз 10-20 градусқа дейін суытады; орталықта түнде аяз 0-18 градустан 10-23 градусқа дейін күшейеді, күндіз 3-12 градустан 7-15 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады елдің метеоқызметіндегілер.
Қазгидромет өкілдерінің айтуынша, Алматыда 5 қаңтарда жауын-шашын түсіп, қар жауып, тұман түсіп, 6 қаңтарда күн ашық болады. Түнде ауа температурасы 0-2 градус суық, күндіз 0-2 градус жылы, 6 қаңтарда түнде 2-4 градус суық, ал күндіз 2-4 градус жылы болады.
Ал Астанада 5 қаңтарда қар жауып, бұрақсындатады, 6 қаңтарда қар жауады. Түнде ауа температурасы 16-18, күндіз 13-15 градус суық, 6 қаңтарда түнде 24-26 градус, күндіз 19-21 градус аяз түседі.