«ПЕТРОҚАЗАҚСТАННЫҢ» БАЛҒЫНДАРҒА СЫЙЛЫҚТАРЫ
Жаңа жыл қарсаңында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жылдағы дәстүр бойынша Жаңақорған ауданындағы Компания қамқорлыққа алған «Балдәурен» қоғамдық қорының «Балғын» балалар бақшасына арнайы ат басын тіреді.
«Балғын» балалар бақшасында Жаңақорған ауданы бойынша жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан барлығы 50 бала тәрбиеленуде. Мекеме «ПҚҚР» АҚ толық қамқорлығына өтіп, он үш жыл үзбестен компанияның шарапатын көріп келеді. Мұнда балаларға үш мезгіл тамақ беріледі. Балабақшаның ұйықтайтын, ойнайтын, оқитын бөлмелері және шаруашылық жайлары заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Міне, осындай қолдаудың арқасында мұнда мектепке дейінгі тәрбие беру ісі - өте жоғары деңгейде.
Әсем безендірілген шырша айналасында өткен мерекелік ертеңгілікте жаңажылдық костюм киген бүлдіршіндер түрлі ертегілер кейіпкерлерімен бірге мейрамның басты қонақтары – Аяз Ата мен Ақшақарды барлығы бірге қошеметтеп қарсы алды. Ертеңгілік барысында балдырғандар қонақтарға өздері дайындаған ертегі қойылымдарынан, сыңғырлаған әндерден, ырғақты билерден, тыңдаған құлақ сүйсінерлік тақпақтардан тұратын концерттік бағдарламаны ұсынды.
«ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі орынбасары Суфия Даминова «Балдәурендіктерді» Жаңа жылмен құттықтап, балғындарға жаңажылдық сыйлықтар – жұмсақ ойыншықтар мен көп-көп тәттілер тарту етті. Және мұнайшы ағаларының мерекеде айтар басты тілегі – балалардың дендері сау болып және елдің лайықты азаматтары болып өсуі екенін жеткізді.
- «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді бүлдіршіндер мен ата-аналардың атынан алғыс айтқан «Балдәурен» қорының жеткешісі Айсара Нәлібаева. – «ПҚҚР» АҚ ұжымына балаларға деген ізгі ниеттері мен көрсеткен қамқорлықтары үшін рахмет. Мұнай компанияларына оңай соқпай тұрған дағдарыс кезеңіне қарамастан мұнайшылар қауымы қайырымдылық істерін жалғастырумен келеді. Компанияға Жаңа 2016 жылы толағай табыс және өркендеп, жаңа биіктерге көтерілуін тілеймін!
Айдос ӘБСАТ