ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ АЙМАҒЫНДА КҮРЕ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Қазақстанның үш облысында ауа райының нашарлауына байланысты күре жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында бұрқасынға байланысты 4 қаңтарда сағат 17:15-тен бастап көліктердің барлық түрлері үшін «Қандыағаш-Эмбі-Шалқар-Ырғыз» жолының учаскесі ( 92-257 км. Эмбі қ.-Шалқар қ.уч.) жабылды.
Қызылорда облысында 3 қаңтар 21:35-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесі (12-216 км. Қызылорда қ. шек.- Қарағанды обл.) жабық күйінде қалып отыр. Жолда жүруді шектеу көліктің барлық түріне қатысты.
Қарағанды облысында жаңбырға және жолдың батпақтануына байланысты «Кызылорда-Павлодар» жолының учаскесі (216-424 км. Кызылорда қ. шек. - Жезқазған қ. уч.) көліктің барлық түрі үшін жабық.
Сондай-ақ осы өңірде «Екатеринбор-Алматы» тас жолының учаскесінде (1858-2005 км. уч. Балқаш қ. шек. Жамбыл обл. уч.). жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Себеп - жаңбыр мен көктайғақ.