ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЫНЫ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ
Елордада Қазақстан мен Иранның іскерлік топтарына арналған бизнес-форум өтті. Нәтижесінде жалпы құны 500 миллион доллардан асатын келісімге қол қойылды, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстанмен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осыдан 22 жыл бұрын орнаған болатын. Содан бері екі елдің әріптестік көкжиегі жылданжылға дамып келеді. Сауда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бекемделе түсуде. Мәселен соңғы 9 жылда отандық инвесторлар онда 11 млн. долларға жуық қаражат салса, ирандық тарап Қазақстан экономикасына 123 млн. доллардан астам қаржы құйған.
Бүгінде екі ел геология, металлургия, агроөнеркәсіп кешені мен көлік, логистика және құрылыс саласында етене ықпалдаса жұмыс істеуде. Бұл ретте Қазақстанда қолайлы инвестициялық заңнама қалыптасқан. Қажет болса, мемлекеттен субсидия да беріледі. Құзырлы органдар жөн-жосықсыз тексеріп, текке мазаңды алмайды. Ең бастысы – өз ісін жүйелі жүргізсе болғаны.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сіздер келіссөздер жүргізіп, үлкен қызығушылық танытып отырсыздар. Әсіресе агроөнеркәсіп кешені мен металлургия саласын дамытуға деген ниет бар екен. Коммуникация, логистика салалары да біз үшін маңызды. Қазақстан – үлкен және шағын кәсіпкерлер үшін әлеуеті жоғары мемлекет. Егемендік алған 20 жылдың ішінде ел экономикасы 16 есеге артты. Алтын валюта қорымыз 100 млрд. доллардан асты. Бүкіләлемдік банктің жеңіл бизнес жүргізу рейтингінде біздің еліміз үздік елулікте тұр.
Ел экономикасын дамытуда елбасы индустриаландыру бағдарламасының маңызына тоқталды. Жобаның бірінші бесжылдығы аясында елімізде 670 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Қосымша 100 мың жұмыс орны ашылып, Қазақстанда бұрын соңды шығарылмаған өнімнің 320 түрі өндірілді.

- Келер жылдан бастап бұл бағдарламаның екінші бөлімін бастаймыз. Металлургия, машина жасау, мұна-газ өңдеу кешендері, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару мен тамақ өнеркәсібіне басымдық беріледі. Кедендік одақ пен еуразиялық экономикалық одақтардың құрылуымен елімізде кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмендерге жалпы көлемі 2,5 трлн. АҚШ долларын құрайтын әрі 170 млн. адамды қамтитын ауқымды нарыққа кедергісіз шығуға жол ашылды. Біз енді шикізатқа тәуелді болғымыз келмейді. Осы ретте Иранның іскерлік тобын осы жоба аясында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын.
Биыл Иран мен Қазақстанның сауда айналымы 1 млрд. доллардан асады деп жоспарлануда. Келер жылы Қазақстан-Түркіменстан-Берекет-Горган теміржол торабы іске қосылысымен, бұл көрсеткіш 4 есе арта түспек.
Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті:
- Иран Ислам Республикасы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Сіздерде алға дамудың «Қазақстан – 2050» стратегиясы бар болса, біздің 2025 жылға дейінгі даму жоспарымыз әзірленген. Осы құжат аясында әріптестігіміз одан әрі жандана түсетіндігіне сенім білдерімін. Әсіресе 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» көрмесіне шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғысым шексіз. Бұл көрме Иран бизнесмендерінің өз өнімдерін таныстыруына жол ашады.
Бұл бизнес-форум кәсіпкерлер мен инвесторлардың басын қосып, бірлесе жұмыс істеуіне жол ашатын көпір іспеттес. Бизнес иелері бір-бірінің қанатқақты жобаларымен танысып, екі жаққа да тиімді тұстарын талқыласады. Сондай бір кәсіпкерлердің бірі Ахад Гасеми Қазақстанда 4 зауыт салуды жоспарлап отыр.
Ахад Гасеми, Ирандық кәсіпорынның басқарушы директоры:
- Олар Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында бой көтереді. Жобалардың құны 16-20 млн. доллар шамасында болады. Онда нысандар құрылысының сыртқы қабатына қолданатын материалдар өндіріледі. Біз шығаратын тауарлар ыстық пен суыққа төзімді келеді. Мұндай зауыттарды бұрын-соңды әлемнің өзге елдерінде салған емеспіз. Бұл біздің шетелдегі бірінші жобамыз болып отыр.
Сонымен қатар елімізде шыны зауыты бой көтермек. Жоба құны – 52 миллиард теңге. Зауыттың іргетасы Қызылордада қаланып, 2017 жылы іске қосылады. 300-ден астам тұрақты жұмыс орыны ашылатын болады.
Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» басқарма төрағасы:
- 51%-ды - ирандық компания, 49%-ын біздің инвестициялық қор салады. Бүкіл компанияның капитализациясын алатын болсақ, 3 млрд. долларды құрайды. Олар тек қана құрылысқа қажетті шыныларды ғана емес, сондай-ақ басқа да шыныдан жасалатын тауарларды шығарады. Келешекте біздің жоспарымызда осы шыны зауытынан бастап, басқа да зауыттарды бірлескен жобаларды іске асыру бар.
Бизнес-форум аясында жалпы құны 500 миллион долларды құрайтын 10 түрлі меморандумға қол қойылды. Шараға 250-ге жуық делегат қатысып, өзара әңгіме бөлісті.