ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЕЛІМІЗДЕ ТЕМЕКІ ҚЫМБАТТАДЫ
Бұдан былай оның ең төменгі бағасы 240 теңге болады, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Телеарна тілшілерінің мәліметінше, сұранысқа ие темекілер құны орта есеппен 350-480 теңгеге көтеріледі. Бұл өзгерістер 2016 жылдан бастап темекі бұйымдарына акциздердің 30 пайызға қымбаттауынан болған. Нақтырақ айтсақ, биыл акциздік мөлшерлеме шылымның 1000 талына 3900 теңгеден 5000 теңгеге өсетін болды. Парламент депуттарының айтуынша, бұл шара темекі шегетіндердің есебінен қазына бюджетін толтырып қана қоймай, халықтың зиянды әдеттен арылуына да өз үлесін қосады екен.
"Халық темекіні қымбаттату арқылы бюджетті өсіреміз деп ойламау керек. Бастысы - халқымыздың денсаулығы, өскелең ұрпақтың денсаулығы. Сондықтан біз осы темекі өнімдерін қымбаттату арқылы, сату тәртібін нығайту арқылы жастарды жаман әдеттен сақтандыруды көздеп отырмыз", - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.
Айта кетейік, осыған дейін темекінің 1000 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Елімізге контрабандалық темекі өнімдері жаппай ағылуы мүмкін. Акциздердің бірден 3 есе қымбаттауының салдары осындай болады деген еді бұл салада жүрген кәсіпкерлер.