СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛДА 33 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Жаңа жыл түнінде Қызылорда облысындағы перзентханаларда 33 сәби дүниеге келді. Мешін жылымен бірге есік ашқан 15 ұл мен 18 қыз баланың денсаулығы қалыпты. Жалпы, өткен жылы өңірдің демографиялық ахуалы айтарлықтай оңды өзгерістермен ерекшеленген. Жас ана Әйгерім Әубәкірова Жаңа жыл түні екінші сәбиін бауырына басты. Оның отбасы үшін тұлымды қыз тамаша тарту болды. Ата-анасы шақалақтың есімін әлі қойып үлгермепті.
Әйгерім Әубәкірова, қала тұрғыны:
- УЗИ-де қыз екендігін, күнімнің 31-і екендігін айтқан. Түнгі 00:25-те босандық. Қыз тудық. Салмағы – 3 келі 20 гр. Қуаныштымын.
Дәрігерлер қауымы Жаңа жылда жаңа босанған аналарға мерекелік сый-сияпат жасауды да дәстүрге айналдырған. Жылдағы үрдіспен ақхалаттылар Аяз ата мен Қарша қыз кейпіне енді. Сыр өңірінде Жаңа жылдың алғашқы күні 33 сәби дүние есігін ашты. Мамандар аймақтағы демографиялық ахуалдың жақсарғанын айтады. Мәселен, бес жыл бұрын бір жылда 12 мың шақалақ туса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 30%-ға артқан.
Гүлнар Жұмашева, қалалық перзентхананың бас дәрігері:
- Өңірде туу көрсеткіші жоғары. Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейінгі үшінші орында тұрмыз. Осы Жаңа жыл түнінде 15 бала өмірге келді. Өткен жылмен салыстырғанда аз, бірақ барлығының да жағдайы жақсы. Ата-ана үшін сәби сүйгеннен асқан бақыт жоқ шығар. Ал біздің айтарымыз, ана мен бала аман болсын.