«САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ТАПСЫРДЫ
Кеше қалалық А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде қоғамның түрлі саласында жетістіктерге жетіп жүрген дарынды жастарға арналған қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын тапсырды.
Қала басшысының бұл сыйлығына биыл спорт, өнер, құрылыс, журналистика, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау саласында өздерін жақсы қырларынан танытып жүрген жас толқын өкілдерімен қатар, жастар қозғалыстарының жетекшілері, денсаулық сақтау саласының қызметкері ие болды. Соның ішінде айта кету керек, журналистика саласы бойынша үздік жас ретінде «Қызылорда ньюс» интернет баслымының тілшісі Шынар Бекбан да марапат иесі атанды.
Айта кету керек, «Самғау» жастар сыйлығы биыл төртінші мәрте өз жалғасын тауып отыр. «Самғау» жастар сыйлығына үміткер ретінде 68 жас құжаттарын өткізген. Соның ішінен 10 жас іріктеліп алынды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кеше «Самғау» жастар сыйлығының иегерлеріне арнайы дипломдар тапсырып, сонымен бірге, әрбір лауреатқа 100 мың теңге сыйақы ұсынды.