БҮГІН МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 120 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында үй кезегінде тұрған 60 қызылордалық отбасы Жаппасбай батыр көшесінен бой көтерген жаңа үйлерге қоныстанды.
Үйлі болғандардың арасында ҰОС ардагерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, сондай-ақ кезекте тұрған өнер, спорт саласы мамандары мен ұстаздар да бар.
Дәл осы күні облыс орталығындағы Титов мөлтек ауданында апаттық жағдайдағы үйлердің орнына 60 пәтер пайдалануға берілді. Апаттық үйде тұратын 192 қызылордалықтың 60-ы бүгін баспаналы болды. Облыс әкімі келесі жылы тағы 160 пәтер халық игілігіне беріледі деп отыр. Сонымен апатты үйлер мәселесі шешіледі.
- Биыл Қызылордада 53 көпқабатты үй бой көтерді. Өткен жылы 264 пәтер пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы 2652 отбасы баспаналы болды. Бұл Қызылорданың тарихында болмаған құрылыс. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңізден сәбидің күлкісі арылмасын. Жаңа жыл елімізге ынтымақ пен ырыс алып келсін, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда Қызылорда облысында құрылыс көлемі 3,5 есеге артқан болса, облыс орталығында бұл көрсеткіш 8 есеге өсті.