«БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН ҰШЫРЫЛҒАН «СОЮЗ-ФГ» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ЕРТЕҢ ЖЕРГЕ ҚОНАДЫ
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан 26 наурыз күні ұшырылған «Союз ТМА-12М» транспорттық пилоттық ғарыш кемесімен «Союз-ФГ» ғарыштық мақсаттағы зымыран тасығышы жоспар бойынша ертең таңертең Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысынан 148 км жерге қонады деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агентствосы РИА жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ресейдің әскери орталығының әуе күштері «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесін қондыру мақсатында Қазақсатнға келді. Ресей округінің әскери орталығы өкілдерінің мәлімдеуінше, «Союз» кемесінің қонуында іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуге 200-ге жуық әскерилер, 14 МИ-8, үш Ан-12 және Ан-25, алты автокөлік қатысады.
«Союз ТМА-12М» бортында екі ресейлік және бір америкалық ғарышкер бар.