ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың баспасөз мәслихатын өткізді. Өз сөзінде қала мэрі өткен жылы жеткен жетістіктермен және болашақта атқарылуға тиіс жоспарларымен бөлісті.
Нұрлыбек Машбекұлы тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, құрылыс, мәдениет және барлық сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Биыл облыс орталығында атқарылған жұмыстар жетерлік. Әсіресе тұрғын үй құрылысы бойынша ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар қуантады. Осы бағытта барлық ойға алған жоспарлар толығымен орындалып, баспанаға зәрі жас отбасылар үйлерінің кілтін қолдарына алды. Сонымен қатар апатты жағдайдағы үйлердің мәселелері де шешімін тауып, кезекте тұрған тұрғындар бүгінде қоныс тойын тойлауда. Жалпы айтқанда тұрғын үй құрылысы бойынша биылғы жылы 18 млрд теңгеден астап қаржы жұмсалды.
- «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» - деген ниетпен, тағы бір жыл тарих қойнауына енді. Ел ішінде болып жатқан барлық жаңалықтардың жаршысы, қоғам мен жергілікті атқарушы органның арасын байланыстыратын ақпарат көпірі ретінде, жыл бойына атқарылған жұмыстарды насихаттау және қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жеткізудегі парасатты парыздарыңызды өтеу жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді қала әкімі.
Брифинг қорытындысында Н.Нәлібаев барлық қызылордалықтарды Жаңа 2016 жылмен құттықтады.
Шынар БЕКБАН