ҒАРЫШКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫН ТАБЫСТАДЫ
Қазғарыш делегациясының Ресей астанасына жұмыс сапары аясында ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшылығы мен ғарышкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыстады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазғарыштың баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен I дәрежелі «Достық» орденімен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Игорь Комаров пен ресейлік «Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының» басшысы Юрий Лончаков марапатталды.
II дәрежелі «Достық» орденімен Ресей Федерациясының ғарышкерлері Сергей Волков пен Геннадий Падалка марапатталды.
Қазғарыш басшысы Т.Мұсабаев Қазақстанның мемлекеттік наградаларын табыстай отырып, Мемлекет басшысының атынан мұндай маңызды, әрі жауапты миссияны алғаш рет орындап тұрғанын атап өтті.
«Бұл мен үшін шенеунік ретінде үлкен абырой, ғарышкер ретінде де жағымды миссия», – деді ол.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Игорь Комаров «Достық» орденімен марапатталудың үлкен абырой екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасының басшылығы мен Қазғарыштағы әріптестеріме алғыс білдіргім келеді және мұны жоғары награда деп санаймын. Сондай-ақ, бұл Ресей мен Қазақстанның достығын нығайтуға өзіндік үлес қосқан Ресей Федерациясының ғарыш саласындағы кәсіпорындары мен ұжымының наградасы», - деді ол.
«Мен үшін Қазақстан Республикасының бұл наградасы өте құнды, себебі мен Қазақстанда туып-өстім. Ал маған орденді табыстаған адам – менің командирім Талғат Мұсабаев», – деді ұшқыш-ғарышкер, Ресей батыры, Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-ның басшысы Ю.Лончаков.
Сонымен қатар ғарышта болуы жөнінде әлемдік рекорд орнатқан, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка өз еңбегін бағалағаны үшін Қазақстанның басшысына алғысын айтты.
«Өзімнің Жерге оралған кездегі барлық сапарларымда қазақ халқының жылы шырайы мен қонақжайлылығын әрдайым сезінемін», – деп атап өтті Г.Падалка.
Роскосмостың тағы бір ғарышкері Сергей Волков қазіргі уақытта Халықаралық ғарыш станциясында жұмысын жүргізіп жатыр, оған II дәрежелі «Достық» ордені 2016 жылдың наурызында Жерге оралған соң табысталатын болады.
Марапаттау рәсімі аяқталған соң, Қазғарыш төрағасы Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастықты белсенді жалғастырып жатқандығын атап өтті. Осындай жұмыс нәтижесінің бірі үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш станциясы экспедициясына қатысуы еді.
Т.Мұсабаев марапатталушыларға: «Бұл ұшу сіздердің қолдауларыңыздың, біздің халықпен арадағы достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестеріңіздің арқасында жүзеге асты», – деді.
ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті басшысының айтуынша, биылғы жыл Қазақстан мен Ресейдің ғарыштық ведомстволарының ынтымақтастығы үшін табысты жыл болды және сондай-ақ алда келе жатқан 2016 жыл «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» жобасын нақты дамытудың жаңа кезеңінің бастамасы болуы тиіс.