«БЖК-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАҒЫ БІР БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІГІН АЙҚАРА АШПАҚ
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерімен кезекті 3 кепілдендіру келісім-шарттарына қол қойылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының құзіретті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері Анар Қожаниязова хабарлады.
Жеке кәсіпкер «Азнабаев Әмір», «Bekey city проект строй» ЖШС және «Ақмарал жеке балабақшасы» ЖШС-і мемлекеттік қолдау аясында «Даму» Қорының кепілдігін ала отырып, екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдейтін болды. Олардың несиелерінің пайыздық үстемесі 7%-ға дейін төмендетілетін болады.
«Зейнет жасына шыққан Қызылорда қаласының тағы бір азаматы, енді кәсіпкер атанып өз кәсібін ашып отыр. Мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асатын «Даму Start-Up» жобасының артықшылығын естіген зейнеткер «Bekey city проект строй» ЖШС-ін құрып, техникалық жөндеу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бүл бағдарлама шеңберінде Даму Қоры кәсіпкерге 70%-дық кепілдеме бере отырып, банктен несие алуға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданының кәсіпкері Әмір Азнабаев, «БЖК2020» бағдарламасы аясында Даму Қорының «ҚазақстанХалықБанкі» АҚ-мен бірлесе жүзеге асырып отырған «Халык Бизнес Старт» жобасы бойынша банктен несие рәсімдеп, 2004 жылы қаланған өз бизнесін кеңейтуде. Ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тағы бір аудан кәсіпкеріне 50% кепілдеме беруге оң шешім шығарды. Қазалы ауданының «Ақмарал жеке балабақшасы» ЖШС-і «БЖК2020» бағдарламасы шеңберінде «Әйтеке Би» Кентінің бүлдіршіндеріне тағы бір жеке балабақша есігін ашуды жоспарлап отыр.