«МЕНІҢ ҰЛЫ ОТАНЫМ – ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАНЫМ!»
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Достық үйінің ашылуына орай апталық іс-шаралар тізбегі өтуде. Түрлі бағытта өткізілген шаралардың бірі Достық үйінің мәжіліс залында оқушылар арасында өткізілген «Менің ұлы Отаным – қасиетті Қазақстаным!» атты сурет көрмесі болды.
Көрме жұмысына қаланың 26 орта мектебінің талантты оқушылары қатысты. Барша қылқалам иесінің еңбектері көрермендер тарапынан үлкен мақтауға ие болды. Оның ішінде қатысушылар бір ауыздан №198 орта мектебінің 6 сынып оқушысы жас талант Кирилл Орловтың туындысына ерекше баға берді.
Шара барысында Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Бейнелеу өнері және сызу» бірлестігінің жетекшісі Ақбаян Орманбаева сурет көрмесін таныстырып, келген қонақтарға әр жұмыстың ерекшелігін баяндады. Көрменің қорытындысы бойынша үздік жұмыс иелері алғыс хаттармен марапатталды.