«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА КӘСІПКЕРЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
Жаңа жыл қарсаңында барлығы қуанышты көңіл күйде, тәттілерге толы дастарқан басында отбасымен бірге қарсы алатын отбасылық мереке. Алайда барлық отбасы мұндай бақытқа қол жеткізе бермейді.
Алғаш рет жаңа жыл қарсаңында өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Қызылордада «Мейірім-Қызылорда» қоғамдық қоры, қоғамның әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына қолдау көрсету мақсатында «Жүрек жылуымен» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Жүрек жылуымен» қайырымдылық акциясына аймақтағы ұлтжанды азаматтар, бизнес құрылымдары мен мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдері, жомарт жұршылық үлестерін қосуда.
Айта кету керек, «Мейірім-Қызылорда» қоғамдық қорына бірінші болып облыс әкімі өз үлесін қосты. Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жалпы құны 7 млн теңгенің көлемінде қаламыздағы 1200 отбасына материалдық көмек көрсетілді. Жалпы қайырымдылық акциясы барысында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік және басқа да қажетті заттар тиелген 22 автокөлік орналастырылса, қоғамдық көліктермен тегін тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікті таратып берді.
«Мұндай ауқымды қайырымдылық акциясы облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ең алдымен 1200 отбасына қажетті көмек көрсетілсе, алдағы уақытта кәсіпкерлер, қаладағы мекемелер аз қамтылған отбасыларға қажетті көмек қолын созатын болады», - деді Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Серік Дүйсенбаев.
Шынар БЕКБАН