БАЛАҚАЙЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС ұжымы балақайларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Кеште әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімін киген бүлдіршіндер шыршаны айналып, ән айтып, би биледі.
Театрландырылған көріністе ертегі кейіпкерлері балақайларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кештің ең басты қонағы Аяз ата мен Ақша қар балақайлардың өнерлерін тамашалап, сыйлықтар үйлестірді. Мерекелік көңіл-күймен қоса балалардың сылдырлаған күлкісі шығармашылық үйін онан сайын жарық қылды. Кеш соңында барлық балақайларға сыйлықтар табысталды.