ЖЕҢІС ТУЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ МҰРАЖАЙЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ
Бүгін, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайы бағалы жәдігермен толықты. Мұражай қорына 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басты жәдігері - Жеңіс Туының көшірмесі берілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өткен аптада Мәскеудегі ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке Жеңіс Туының телнұсқасын табыстады.
«Батырымыз Рақымжан Қошқарбаев тіккен Жеңіс Туының көшірмесі мұражайға тапсырылды. Балаларымыз, болашағымыз үшін бұл ұрпақтарымыздың жетістіктері мен олардың қандай батыл болғандары туралы естеліктің нышаны болмақ», - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары - ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Қазақстандық армияның тарихы үшін Тудың шежірелі мәні өте зор. Енді жәдігер Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайында лайықты орын табады. Ол кеңес халқының, оның адамгершілік және моральдық рухының қуаттылығы мен мызғымастығының жарқын символы ретінде ҰОС арналған экспозицияда орналастырылады, сондай-ақ өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде пайдаланылады.
«Соғыс сұрапыл болды. Миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл туды Мәскеуден бастап сонау Берлинге дейін жауынгерлеріміз соғыс майданынан алып өтіп, фашистік Германияның туын тікті. Бұл тумен жауынгерлеріміз өмірін қиып, айқасқа аттанды және өздерінің әскери борышын атқарды. Жеңіс Туы - жеңіске қол жеткізгеніміздің нышаны іспетті», - деп ағынан жарылды Ұлы Отан соғысына қатысушы Олег Линик.