АЛҒАШ СӘЛЕМДЕМЕЛЕР СУПЕРМАРКЕТІ АСТАНАДА АШЫЛДЫ
«Қазпочта» АҚ алғаш сәлемдемелер супермаркетінің ашылуын хабарлайды. Сәлемдемелер супермаркеті – ҚР бойынша сәлемдемелерді қабылдауға және жіберуге арналған, өзін-өзі қызмет көрсету форматындағы жаңа орталық.
«Осындай жоба ТМД елдерінде алғаш рет жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жаңа қызмет түрі Астанадағы Қазпочта клиенттеріне қолжетімді, ал келешекте осындай орталықтар Қазақстанның басқа қалаларында да ашылатын болады. Жаңа қызмет сәлемдемелерді қабылдау мен жіберу уақытын қысқартып, компанияның шығындарын үнемдейді» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.
Сәлемдемелерді қабылдау үшін, клиент трек нөмірін және ұялы телефонының нөмірін супермаркетте орналасқан арнайы терминалдың экранында тереді. Терминал керекті сәлемдемені жүйеден тауып, орналасқан сөресі, қатары және ұяшығының нөмірі жазылған талонды береді. Клиент бөлмеге кіріп, талон бойынша сәлемдемесін сөреден өзі алады. Шығарда клиент төлқұжатын кассадағы операторға көрсетіп, сәлемдені тексертіп, ақысын төлейді.
Сонымен қатар, супермаркет клиенті Қазақстанның кез-келген өңіріне сәлемдемені өзі жібере алады. Ол үшін, клиент сәлемдемені салуға арналған, бағасына ҚР бойынша жеткізу ақысы саналған және трек нөмірі жазылған қорапты сатып алуы қажет. Сәлемдемені арнайы орында қорапқа салып, терминалда трек нөмірді сканерден өткізіп, экранда «Жіберу»-ге басып, талонды алғаннан кейін, сәлемдемені сөреде қалдыру керек.