ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Қызылорда облысы жыл қорытындысы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету және жергілікті халық жағдайын жақсартуда айтарлықтай жетістіктерге жетті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Үшінші тоқсан қорытындысына сәйкес жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. Өткен жылы көрсеткіш 5%-ға тең болған. Қазіргі экономикалық ахуалға қарамастан, жағдай аз мөлшерде болсын түзелді. Қызылорда облысында 325,4 мың адам экономикалық белсенділер қатарына жатады. Орташа жалақы көлемі – 104792 теңге»,- деді облыстық статистика департаментінің директоры Мәриям Баекеева.
Департамент ақпаратына сүйенсек, Арал маңы аумағындағы кедейлер саны азайып келеді.
Сонымен қатар, аймақта орта және шағын бизнес көлемі 7,2%-ға өсті. Облыс басшылығы осы бағыттан таймай, келер жылы көрсеткішті барынша жоғарылатамыз деп мәлімдеді.
«Шағын және микробизнесті қолдау, дамыту мақсатында 2015 жылмен салыстырғанда микронесиелер қатарын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Микробизнесті қолдау экономика дамуының алғышарттарының бірі деп білемін. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы әрі қарай іске асады. Бағдарлама шеңберінде «Қызылорда» Аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС арқылы микронесие беруді жүзеге асырмақпыз»,- деді облыс басшысы Қырымбек Көшербаев.