ҚЫЗЫЛОРДАДА 2016 ЖЫЛЫ 15 МЫҢ ГАЗ ЕСЕПТЕУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒАРЫЛАДЫ
«Қызылорда халқы пәтерлеріндегі көгілдір отын көлемін есептейтін қондырғыны ауыстыруға мәжбүр. «ҚазТрансГазАймақ» қызметкерлері оларды осыған міндеттеп жатыр. Газға жауаптылар пәтерлердегі электронды газ есептеуіш құрылғыны шешіп, жаңа механикалық түріне ауыстыруды талап етуде. Ал қарсылық танытқандарды көгілдір отыннан ажыратпақ. Осыған наразы болған тұрғындар арнамызға шағымданды», - деп хабарлады «Астана» арнасы.
Зейнеткер Сапаркүл Рахметова - газ есептеуіш қондырғыны ауыстыру керек деген талапқа көнгендердің бірі. Десе де оның құны қалтаға біраз салмақ болғанын айтады.
Сапаркүл Рахметова:
Механикалық екен, сегіз жарым мың теңге тұрады. Орнатқаны бес жарым мың теңге, барлығына он төрт мың теңгеге квитанция әкеліп берді. Өте қымбат. Ол бір бес жүз теңге де болмайтын шығар, гайканы бұрап тастағаны, кілтпенен.
Жаңа жыл қарсаңында газ қондырғыларын реттейтін жұмысшылардың келуі, көптеген қызылордалықтар үшін күтпеген тосын сый болды. Көпшілігі жұмыс істеп тұрғын есептеуіш қондырғыны ауыстыруға үзілді-кесілді қарсы.
Тыныштықбай Беделбаев:
Екі кезде ғана шешуге болады. Біріншіден, есептегіш құрылғы жұмыс істемесе немесе оны тексеруге берген кезде. Қазір бірден істеп тұрған франциялық есептегішті ауыстырып жатыр. Енді бұл біреудің ықпалымен жасалуда ма? Қалай бұл ауыстыру деген, істеп тұрған счетчикты басқа счетчикке? осыған жауап берсе деймін.
Газ есептеуіш құрылғыларды арзан бағаға арнайы дүкендерден де табуға болатын көрінеді.Мұны осы құралды сатумен көптен бері айналысатын азаматтар растады.
Әлімжан Шайымқұлов, дүкен қожайыны:
Біз ұсынып отырған есептеуіштердің бағасы жеті мың бес жүз теңге. Олардың барлығы арнайы сертификатталған, пәтерлерге арналған механикалық есептеуіштер.
ҚазТрансГазАймақ басшылығы газ есептеуіштерді ауыстыру науқаны заңды түрде жүріп жатқанын айтады. Бұл есептеуіш құрылғыларды компанияның қаржысына осыдан он жыл бұрын орнатылған көрінеді. Бүгінде олардың пайдалану мерзімі өткен, - дейді мамандар.
Қайнар Нұрлыбаев, «Қазтрансгазаймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы басшысының бірінші орынбасары:
2004-2005 жылдары орнатылған есептеуіштердің пайдалану мерзімі өтті. Олардың барлығы «ҚазТрансГазАймақтың» балансында болғандықтан, біз өзіміз қайта шешіп, алып жатырмыз. Биыл жеті мың пәтердегі есептеуіштерді қолданыстан аламыз. Келесі жылы қалған он бес мың пәтерге кезек келеді.
Қайнар Нұрлыбаевтың айтуынша, бұл науқанға әзірге жекеменшік үйлер ілінбейді. Өйткені оларға көгілдір отын 2-3 жыл кейін беріле бастаған. Дегенмен, барлық электронды газ есептеуіш құрылғылар келешекте механикалық түріне ауысатынын айтты.

Жаңа есептеуіш құрылғыларды бізден басқа да мамандандырылған, лицензиясы бар мекемелер орната алады. Тұтынушының өздігінен оған тиісуіне болмайды.
Ал газ көлемін есептейтін қондырғыны сатып алуға шамасы жоқтар газ құбырына тікелей қосыла алады. Онда пәтердегі әр тіркелген адам басына 240 теңге шамасында ақы төлеу міндеттелген. Есептеуіш қондырғысы бар абонент 1 текше метрге 19 теңгеден төлейді. Дегенмен көгілдір отынға жауаптылар келесі жылдан бастап тарифтің өсуі мүмкін екенін жасырмайды. Сондықтан қалай төлеу тиімді екенін тұрғындардың өздері таңдауы тиіс деп отыр.