ҚХА ЖЫЛЫ: 40 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша бірқатар жоба қолға алынып, нәтижесінде 44 мың бала қазақ тілін оқып-меңгерген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты, деп BNews.kz.
Е.Тоғжанов атап өткендей, Ассамблея жылы еліміздегі ұлттар үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болды. «Мың бала» жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында 235 мыңнан астам бала қамтылған 7863 іс-шара өткізілген.
«Біз жоспарланған нәтижелерге ғана қол жеткізген жоқпыз. Биыл үлкен жетістіктер болды. Тек қана мемлекеттік тілді меңгеру бойынша 1000 баланы оқытуды көздеген едік. Ал осы уақытта 44 мың бала қазақ тілін оқып-үйренді», - деді Е.Тоғжанов.
Сондай-ақ биыл көптеген қайырымдылық шаралары өткізілген. «Қамқор» акциясының аясында ардагерлер, тыл еңбеккерлері, тұрмысы төмен отбасыларға 413 млн теңге сомасында көмек жасалды. Ал «Менің Қазақстаным» жобасы аясында 50 мыңнан астам адамға медициналық жәрдем көрсетілген.