«ХАЛЫҚ СҮЙІКТІСІ» ЖҮЛДЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Астанада «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесі номинациясының жеңімпаздары белгілі болды. Олар 22 қаңтар күні еліміздің астанасында марапаттамақ. «Үздіктердің үздігі» марапатына Facebook желісінде 60 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты.
«Жыл бизнесмені» номинациясымен қызылордалық кәсіпкер «Абзал и К» компаниясының директоры Абзал Ералиев лайық деп танылды. Сонымен қатар Жылдың ең үздік радиостанциясы атағын "Қазақ радиосынан", "Шалқар радиосынан" және Love Radiо-дан алға шығып, "Жұлдыз FM" иеленді. Facebook қолданушылары жыл саясаттанушысы ретінде Эдуард Полетаевты таңдады, ал ең үздік тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы болды. "Жылдың TV ток-шоуы" номинациясын "Ашығын айтқанда" бағдарламасы иеленді, "Жылдың қоғам қайраткері" Аружан Сайын атанды.
"Қалған номинациялар бойынша дауыс айырмашылығы аз болғандықтан жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды деп шештік. Оларға таңдау жасау қиын, дегенмен халық олардың шешіміне күмән келтірмейді деп ойлаймын", − деді "Республика-Аймақ-Даму" Қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ.
Марапаттау рәсімі 22 қаңтар күні елордада өтеді. "Биыл біз марапаттау рәсімін әдейі кейінге қалдырдық. Бұл уақыт жүлдеге қатысушылар үшін ыңғайлы болды. Біз дәстүр бойынша статуэтканы желтоқсан айының соңында тапсыратын едік. Жеңімпаздардың жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты енді қаңтар айында өткізіледі", − деді Ғалым Байтоқ.
Қазақстанның "Халықтың сүйіктісі/Народный любимец" ұлттық жүлдесі бесінші рет өткізілді. Идея авторы − Ғалым Байтоқ. Жүлде қазақстандық қоғамда, саясаттанушы, блогерлер арасында танымалдылыққа ие болды.
Айта кету керек, "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің финалдық кезеңі аяқталды, дауыс беру lubimec.kz сайтында 25 қараша мен 15 желтоқсан аралығында жүргізілді. Жүлдегерлер дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.
Шынар БЕКБАН