ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының "Халық" бастауыш партия ұйымы құрылғалы бері «Нұр Отан» партиясының барлық бағыттары бойынша көптеген жұмыстар атқарып келеді.
«Халық» бастауыш партия ұйымы биылғы жылы өткізілген «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауының жеңімпазы атанды. Ал ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жақсы еңбек нәтижесін көрсетіп, "Нұр Отан" партиясының белсенді бастауыш партия ұйымдарын марапаттады. Осындай бастауыш ұйымдарының ішінде өз белсендігілігімен көзге түскен "Халық" бастауыш партия ұйымының төрағасы Аида Ибрагимқызы Әбибуллаеваға облыс әкімі төсбелгі табыстады.
Ұжымды шын жүректен кұттықтай отырып, алдағы уақытта ел игілігі үшін жасаған жұмыстарыңыз табысты, абыройлы болуға тілектеспіз.