Қ.КӨШЕРБАЕВ ӨҢІРДЕГІ МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНА ТЕК МҰНАЙҒА «АРҚА СҮЙЕМЕУГЕ» КЕҢЕС БЕРДІ
Қызылорда облысындағы мұнай компаниялары тек мұнайға ғана «арқа сүйеп» отыра бермеуі тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.
«Мұнайшылардың қысқартуға ұшырауына қатысты айтар болсам, бізде бұл салада сервистік компанияларды қоса алғанда 29 мың адам жұмыс істейді. Өндіру көлемі екі есеге қысқарып кетті», - деді әкім.
Осы ретте ол 29 мың адамның әрқайсысының отбасында 5 адамнан бар деп есептесек, мұнай саласы 145 мың адамның әлеуметтік әл-ауқатына тікелей әсер ететіндігін атап өтті.
«Сондықтан да біз барлығымен меморандумдарға қол қойдық. Жұмыс уақытын қысқартуға болғанымен жұмысшыларды қысқартуға жол жоқ», - деді Қ.Көшербаев.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы облыста 900 адам қысқартуға ұшыраған. Бірақ, өңірде ағымдағы жылы 11 мың, оның ішінде 8700 мың тұрақты жұмыс орындары құрылған.
«Біз мұнай сервистік компанияларына өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды ұсынудамыз. Тек мұнайға ғана арқа сүйемей ұсынған жобалармен айналысу қажеттігін айтудамыз. Сауд Арабиясының Мұнай және газ министрі: «Тас ғасыры тастың бітуінен аяқталған жоқ. Сол сияқты мұнай ғасыры да мұнай біткен соң аяқталмайды», - деген екен. Әлемдегі көптеген ірі мұнай компаниялары балама энергия көздеріне қатысты жобаларға қаржы құюда. Өйткені олар өз компанияларының болашағын ойлайды», - деді Қ.Көшербаев.