ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА 1 ҚАЗАНДА ДАЙЫН БОЛАДЫ
Қызылорда тұрғындарына жылу беруге дайындық жұмыстары бірінші қазанға қарай аяқталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директоры Асқар Бекпағанбетовтың айтуынша, қазіргі таңда ЖЭО жабдығын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, отынның апатты қоры құрылуда. 1 қазаннан бастап облыс орталығында жылу беру маусымын бастауға барлығы дайын болады.