ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРҚАТАР ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ БАСТАЛАДЫ
Қызылордада бірқатар зауыт құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
«2016 жылы Қызылорда қаласының индустриалдық аймағында ферроқорытпалар, асфальт бетонын, силикат кірпіш, сонымен қатар тампонажд цемент шығаратын зауыт құрылыстары басталады. ферроқорытпалар зауытының құны 253,2 млн. долларды құрайды. Біз немістің «ICMD» компаниясымен бірлесіп, кешенді қорытпаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істеудеміз. Техникалық-экономикалық негіздемесі қазірдің өзінде дайын, инфрақұрылымы жүргізілген», - деді өңір басшысы.
Оның атап өтуінше, кәсіпорын жылына 160 мың тоннаға дейін құрамында алюминийі аз ферросилиция өндіретін болады.
«Ферросилиция темірді балқытуды жақсарта түсетіндігі белгілі. Зауыт отандық ғалымдар әзірлеген инновациялық технологиялармен жұмыс істейді», - деді Қ.Көшербаев.