ӨҢIР ЭКОНОМИКАСЫ СӘТТI ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI
Қызылорда облысының экономикасы сәттi әртараптандырылып, экономика құрылымы өзгерiп жатыр. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қызылорда облысында өңдеушi өнеркәсiп үш жыл iшiнде 120,2%-ға өстi. Егер, 2012 жылы өңдеушi өнеркәсiптiң ЖIӨ-дегi үлесiнiң өсiмi 4,5% болса, онда бүгiн бұл көрсеткiш 13%-ды құрап отыр. Бұл өңiр экономикасының сәттi әртараптандырылып, облыс экономикасының құрылымы өзгерiп жатқанын бiлдiредi», - дедi облыс басшысы.
Қ.Көшербаев өз сөзiнде Мемлекет басшысы он өңдеушi өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгiн екi есе арттыру туралы мiндет қойғанын еске салып, Сыр елiнде соңғы үш жылда өнiмдiлiк деңгейiн 4,5 есе арттыруға қол жеткізілгенiн мәлiмдедi.