ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ 10 ПАЙЫЗЫ СҰРАҒАН ЖЕРМЕН ҚАМТЫЛМАЙ ОТЫР
Инфрақұрылымы дайын бос алаңдардың жоқтығынан Қызылорда облысының 71 мыңнан астам тұрғыны немесе халықтың 10 пайызы сұраған жермен қамтылмай отыр.
- Бұл жұмыстарды орындауға қомақты қаражат қажет. Алайда, инфрақұрылымы дайын алаңдардың өзінен жер телімдері табысталмаған жағдайлар анықталды. Өйткені 2004 жылы арызданған 82 адамды табу мүмкін болмай, кезек жылжымаған. Мәселені шешуге құлық танытпаған қызметкерлердің түбегейлі жұмыс істеуіне бір ай берілді, - деді облыстық прокуратураның бірінші басқармасының аға прокуроры Бауыржан Сәтбаев бүгінгі баспасөз мәслихатында.
Өзекті проблема 23 желтоқсанда қадағалаушы орган мен облыс әкімдігінің бірлескен алқа отырысында көтерілді. Бүгінде заң талаптарын сақтамауға байланысты тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін шешу ұсынысы қаралуда. Прокурорлардың бастамасымен, мысалы, осы қарашада 21 жер телімінің игерілмегені анықталды. Сапалы бақылаудың жоқтығынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумақтар тиімсіз пайдаланылып, жер қойнауына заңсыз қол сұғу деректері де әшкереленді.
- Су айдындарының қорғау аймағы мен белдеуі белгіленбегеніне және бұл жер телімдерінің уақытша қолдануға берілетініне қарамастан Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында 100-ден астам жер телімі жеке меншікке табысталған. Оны Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы тексермеген, - деді Бауыржан Сәтбаев.
Оның үстіне, бұл салада жариялылылық жоқтың қасы. Кімнің жер алып, кімнің кезекте тұрғаны, қай алаңдардың дайын екені ақпараттық стендтерде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында әлі күнге көрсетілмейді.
Назерке САНИЯЗОВА