ТАЯУ ЖЫЛДАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ МИЛЛИОННАН АСАДЫ
Алдағы 7-10 жылда Қызылорда облысының халқы 1 миллионнан асып жығылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Қырымбек Көшербаев мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Біздің өңірдің халық саны тұрақты өсім көрсетіп отыр. Жылдық табиғи өсім 6 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында ресми түрде 754 мың адам бар. Бірақ, медициналық есепте 823 мың адам тұр. Мен осы екінші дерекке барынша сенемін. Өйткені, тұрақты тұратын адамдар ғана медициналық мекемеге барып есепке тұрады», - дейді өңір әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, халық саны осы қарқынмен арта беретін болса, онда таяу 7-10 жылдың ішінде облыс халқы 1 миллионнан асып жығылатын болады.
«Осыған байланысты біздер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт сынды әлеуметтік салаға қажетті ныснадарды қарқынды салуымыз қажет», - деді ол.