ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ МҰНАЙШЫЛАРЫ ЖАЛАҚЫСЫНДА СӘЙКЕССІЗДІК ОРЫН АЛЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ - ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазақстан мен Қытай мұнайшылары жалақысында сәйкессіздік орын алып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.
«Қазақстандық және қытайлық мұнайшылар арасында жалақыға байланысты сәйкессіздік орын алып отырған жоқ. Проблема болған, бірақ біз облыстық прокуратурамен бірлесіп тексеріп, барлық сәйкессіздіктерді жойдық», - деді өңір басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар облыс әкімі жалақы төлемеу мәселесі де тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Миг-21» ЖШС банкроттық процедурасынан өтуіне байланысты жұмысшылары алдында 4,6 млн. теңге қарыз болып отыр.
«Біз бұған дейін де бірнеше мәрте жұмыс берушілерге: «Тіпті костюміңді сатсаң да жалақыларын қайтарыңдар. Өйткені, бұл - олардың еңбекпен тапқан ақшасы» деп айтқан болатынбыз», - деді Қ.Көшербаев.