Қ.КӨШЕРБАЕВ: АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ СУ ДЕҢГЕЙІ 4 МЕТРГЕ КӨТЕРІЛДІ
Арал теңізінің су деңгейі 4 метрге көтерілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Өздеріңізде білетіндей, кезінде Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Аралмаңы елдері басшылары Қызылордада бас қосып, арнайы қор құрған болатын. Бірақ, біздің көршілеріміз бұл тұрғыда орнынан қозғалған емес. Тек Қазақстан ғана Президентіміздің тапсырмасымен Дүниежүзілік банкпен келісім жасасып, Солтүстік Арал жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырдық», - деді облыс басшысы.
Оның атап өтуінше, қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні Арал теңізінің су деңгейі 38-ден 42 метрге дейін көтерілді.
«Әрине, теңізді бүкілімен сақтап қалу мүмкін емес. Біз тек солтүстік бөлігін ғана айтып отырмыз. Су көлемі 15-тен 27 мың шақырым текшеге көбейді. Судың минералдануы литріне 23-тен 13 грамға дейін төмендеді», - деді ол.
Сонымен қатар ол еліміздің тарапынан нақты шаралар жүргізілмегенде Аралдың өлі теңізге айналу қаупі өте жоғары болғандығын айтты.
«Ол кезде теңіз өз бағалауынан 94 шақырымға кері шегінген еді. Таяуда ғана ұшақпен қарап шықтым, теңіз жағалауы Арал қаласына дейін 17 шақырым қалды», - деді облыс басшысы.