ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Қызылорда облысының бүлдіршіндері 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.
«Өздеріңізде білетіндей, Мемлекет басшысы Үкіметке, облыс әкімдеріне бірнеше тапсырма берген болатын. Оның біріншісі - үш ауысымдық мектептер проблемасын жою. Бұл мәселені біз өткен жылы шештік. Қызылорда облысында үш ауысыммен білім беретін мектеп 2014 жылдан бастап жоқ», - деді Қ.Көшербаев.
Облыс әкімінің айтуынша, Елбасы жүктеген екінші тапсырма - 2020 жылға дейін мектеп жасына дейінгі балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету.
«Біз бұл проблеманы ағымдағы жылы шештік. Бұған қоса, балабақшалар мен шағын орталықтардың басым бөлігі, 405-і мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырылаты жекеменшік балабақша мекемелері. Яғни, осынау үлкен әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға бизнес белсене қатысуда», - деді өңір басшысы.