ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН БЕРМЕГЕН «МИГ-ХХІ» ЖШС-ДЕ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жыл басынан бері жұмыс берушілердің қызылордалықтарға жалақы қарызы 97 пайызға төмендеді. 2014 жылдың 1 желтоқсанында берешек 172,1 млн. теңге болса, арадағы бір жылда ол 4,8 млн. теңге болып отыр.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығының брифингінде Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері туралы айтып берді. Жұмысшылардың еңбекақысын бермеген «МИГ-ХХІ» ЖШС-нің жалақы 4,8 млн. теңгеге жеткен. Қазіргі күні серіктестікте банкроттық басқарушы тағайындалып, банкроттық рәсім жүргізілуде.
- Тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының облыстық прокуратурамен бірлескен жұмыстарының нәтижесінде 63 кәсіпорынның 5 729 жұмысшы алдындағы 972 млн. теңге жалақысы өндірілді, - деді Нұрлыбек Жолдасбаев.
11 айда 50 жазатайым оқиға тіркелді. Оның 14-і жұмыс бабына байланысты емес. Қалғаны бойынша 43 адам зардап шеккен. 23-і қиын жағдаймен аяқталды, 7 адам қайтыс болды. Жарақаттанулар көбіне мұнай-газ, құрылыс, автокөлік салаларында кездеседі. Инспекция тарапынан Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес лауазымды және заңды тұлғаларға 10 445 140 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Назерке САНИЯЗОВА