ШЕНЕУНІКТЕРГЕ СЫЙЛЫҚ АЛУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ
Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуға құқы жоқ! Шенеуніктер енді тарту-таралғының көлемі мен құнына қарамастан берген адамның қолын қағуға міндетті. Жаңа ережені Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енгізді, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі.
Жаңа жылдан бастап ел шенеуніктері жаңа ереже негізінде жұмысқа кіріспек. Құжатта мемлекеттік қызметкерлердің мүлдем сыйлық алуға болмайтындығы анық көрсетілген. Қарапайым қағиданы ұстанған шенділер тарту-таралғыдан бас тартуы тиіс. Ал оны алған адам сыйлықтың құнына, көлеміне қарамастан жазаға тартылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заң ережелеріне сәйкес сыйлықтарды алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге жатқызылып отыр. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа құжат 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Майкен Базгенова,
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті
басқарма басшысының орынбасары:
- Егер екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болса, оған заңмен рұқсат етілген. Алайда, сыйлықтардың құны көбіне одан асып кетеді.
Тың реформа жүзеге асқан соң, қымбат сағаттан бастап шетелдік көлікке дейін сияпат көрген талай шенеуніктер сап тыйылуы мүмкін.