КӨЛІК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА 260 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қызылорда облыстық көліктік бақылау инспекциясы жыл басынан бері көлік заңнамасының талаптарын бұзған 700-ден астам отандық және шетелдік құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
- Салынған айыппұл мен жүріп өткені үшін алынатын салық мөлшері 260 млн. теңгеден асты. Атап өту керек, ауыр салмақты автокөліктер белгіленген параметрлерді сақтамаған жағдайда көктем мен жазда жол жамылғысы тез бұзылады. Бұл, бір жағынан, күрделі жөндеуді қажет етсе, екіншіден, жол қозғалысына кедергі, - деді инспекция басшысы Ержан Жолдасов бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде.
Осыған орай жүк тасымалдаушылар мен жөнелтушілер 20 тонналық инертті материалдар тасымалдайтын карьер көліктерін тіркемелерімен пайдалану керектігін ескертеді. Ал инертті материалдармен қамтамасыз ететін карьер иелері оларды мобильді және стационарлы таразы жабдықтарымен қамтамасыз етуі тиіс. Ауыр салмақты автокөліктерді өлшеу пунктерін ашу – күн тәртібінде. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақылы қызмет көрсетуге, жолдардың сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Назерке САНИЯЗОВА