ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫ 50 МЛН. 292 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҮНЕМДЕДІ
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес биыл шілдеде құрылған Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы бүгінге дейін 982 млн. 777 мың теңге бойынша 31 мемлекеттік сатып алуға жетекшілік етті. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде басқарма басшысы Ғ.Ниязов мәлімдеді.
- Оның 29-ы – конкурс, 2-уі – аукцион. Нәтижесінде 50 млн. 292 мың теңге үнемделді. Тапсырыс берушілер тарапынан конкурстарға хабарландыру беруде лоттарға бөлмеу, құжаттарды толық жарияламау, негізсіз жеңілдіктер беру, жобалық-сметалық құжаттардағы керекті техникалар жөнінде ресурстық сметаны жарияяламау, заңға негізделмеген шешімдер қабылдау сияқты заңбұзушылықтар анықталды, - деді басқарма басшысы.
Түсіндірме жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінен биыл мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында арасында тендер ұйымдастыру көрсеткіші 41,6 пайызға артқан. Басқарма мүмкіндігі шектеулі жандарға санаторийлерге жолдама беру конкурстарын да өткізді. Әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестік нәтижесінде 12,8 млн. теңге қаржы үнемделді.
- Бұл орайда тиісті талаптар қойылды. Мысалы, көпқабатты ғимараттың лифті және пандусы болуы керек. Есіктің табалдырықсыз болуы, тұрғылықты жердегі санаториийге бару-қайтуды көлікпен, күніне 5 рет диеталық тамақпен, білікті мамандармен толықтай қамтамасыз ету талап етілді. Осыларға жауап беретін Көкшетаудағы «Зеленый Бор» және Шымкенттегі «Денсаулық» санаторийлері жеңімпаз болды, - деді Ғ.Ниязов.
Назерке САНИЯЗОВА