БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОН» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫН ҰШЫРУ БІР КҮНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
«Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «Экспресс-АМУ1» ғарыш аппаратын ұшыру бір тәулікке шегерілді. Зымыран тасығыш Байқоңырдан жоспар бойынша сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні ұшырылуы тиіс еді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Роскосмосқа сілтеме жасап.
«Ұшыру күнін ауыстыруға тура келді», - дейді агенттік өкілі.
Жоспардың ауысуына Байқоңыр ғарыш айлағындағы күн райының қолайсыздығы себеп болған – желдің күші белгіленген шектен асып кетті, - деп түсіндірді Роскосмостан.
Оның мәліметінше, бұған дейін 24 желтоқсан Мәскеу уақытымен сағат 00:30-ға (03:30 аст) жоспарланған «Бриз-М» жүрдек блогы мен «Экспресс-АМУ1» телекоммуникациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру 25 желтоқсанға Мәскеу уақытымен 00:31-ге (03.31) белгіленіп отыр.
«Экспресс-АМУ1» аппаратын еуропалық Astrium концерні дайындаған. Жер серігі Ресей, Еуропа және Африканың аумағына қызмет көрсетеді. Ғарыш аппараты 15 жыл бойы пайдаланылады деп жоспарлануда.