ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ОФИЦЕРЛЕРІНІҢ 97,7 ПАЙЫЗЫ ЛАУАЗЫМДАРЫНА САЙ ЕКЕНДІГІН ДӘЛЕЛДЕДІ
Қазақстан Қарулы Күштері офицерлер құрамы аттестатциясының түпкілікті қорытындысы шығарылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Аттестаттаудан өткендердің 97,4 пайызы өздерінің атқарып отырған лауазымдарына сай келетіндігін дәлелдеді. Оның ішінде ҚР ҚК офицерлерінің 30,3 пайызы аттестаттау қорытындысына сәйкес жоғары әскери лауазымдарға ілгерілетілсе, 21,8 пайызын оқу жіберу ұсынылды. Бұл ретте шамамен офицерлердің 1,9 пайызы төмен лауазымдарға ауыстырылады, ал тағы 0,7 пайыз запасқа босатылады», - делінген хабарламада.
ҚР ҚМ Кадрлар департаменті ақпаратына қарағанда, ағымдағы аттестаттау 2012 жылы өткізілген аттестаттаумен салыстырғанда бірқатар ерекшелігі бар. Біріншіден, 2015 жылы аттестаттау кіші кезеңдерге бөлінді. Екіншіден, санаттар бойынша қараудың нақты мерзімдері белгіленді.
Қазақстандық армияда офицерлер корпусының аттестатталуы әр үш жыл сайын өткізіледі. Шараның мақсаты - кадрлық саясаттың осал тұстарын айқындау, әр офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетін, оның атқарып отырған әскери лауазымға сай келуін анықтау. Күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір дарынды офицерлер үшін аттестаттау мансаптық саты бойынша ілгерілеу мүмкіндігі де.
Қайта емтихан тапсыру кіші офицерлер құрамынан жоғары құрамға дейін армияның барлық офицерлер корпусын қамтиды. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары, аттестаттау өткізілген жылы оқуды тәмамдаған түлектер, аттестаттау жылында қызметке орналасқан, әскери қызметте болуда шекті жасқа жеткен және жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған офицерлер, сондай-ақ аттестаттау жылында «лейтенант» алғашқы офицерлік әскери атағы берілген офицерлер, жүктілік, бала күту демалысы немесе аттестаттау кезінде осы демалыстан кейін қызметке кіріскен, қылмыстық іс қозғалған офицерлер аттестаттаудан өтпейді.
«ҚазАқпарат»