СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ АШЫҚ БОЛАДЫ – ҚАЗГИДРОМЕТ
10 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады, тек еліміздік солтүстігі, батысы, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында кей аумақтарында тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел күші 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен орталығының кей жерлерінде 0-5 градус аяз түседі. Ал республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстігі, солтүстік-батысы, оңтүстік-батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.