ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД МАМАНДАРЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫЗЫЛОРДА» ТЕЛЕАРНАСЫНДАҒЫ «ЖАҢА КҮН» ХАБАРЫНДА
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыса отырып жұмыс істеуді қолға алып келеді. 2015 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» хабарына Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова мен Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ербол Әлішеров қатысты. Онда олар журналист Әсия Нұрлыбаева департаменттің «Ең үздік қазақ тілді мекеме» атанғандығы туралы, төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюда атқарып отырған жұмыстар туралы, облысымыздағы өрт оқиғаларын болдырмау шаралары туралы әңгіме жүргізді. Осы іс-шара барысында мамандар тұрғындарға барынша қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтауға және жаңа жыл мерекесіне орай пиротехникалық бұйымдарды қолданудан сақ болуды ескертті.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы