ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 46 831 АДАМ ЖЕР КЕЗЕГІН КҮТУДЕ
Қызылорда қаласындағы 980 гектар жерде тұрғын үйлер құрылысы алаңдарын дайындау үшін жоба әзірленіп, республикалық бюджеттен оның инфрақұрылымын дамытуға қажетті қаржы алу бағытында жұмыс жасалуда.
- Бүгінгі күні өңірде жеке баспана құрылысы үшін тіркелген өтініштер саны 92890-ға жетті. Оның 21754-і қанағаттандырылып, қалғаны арнайы кезекке қойылды. Жер мәселесі, әсіресе, Қызылорда қаласының тұрғындары үшін өте өзекті, 46831 адам кезегін күтуде, - деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде.
Қаланың дамуына байланысты «Сабалақ», «Арай» саяжайларының дамуына жағдай жасау үшін бас жоспардың негізінде түгендеу шаралары жүргізілуде.
Назерке САНИЯЗОВА