WIFI BUS BEELINE ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 2 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Beeline Қазақстан қоғамдық көлікті тегін интернетпен жабдықтау бойынша, Қазақстандағы алғашқы жобаға екі жыл толғанын хабарлайды. Осы уақыт аралығында компания тегін WiFi-ға шамамен 300 автобусты қосып, еліміздің 9 қаласында кең-көлемді тұсаукесерлер өткізді.
2015 жыл негізгі жыл болды – бастамаға Алматы мен Астана қалалары қосылды. Жоба Астана қаласын кеңінен қамтыды, мұнда қазір Beeline ұсынған тегін интернетке қосылған 100 автобус жұмыс істеп жүр. Салтанатты ашылу Қала күні қарсаңында болды, оған Астана қаласының Әкімшілігі қолдау көрсетті.
Қолданылған интернет-трафиктің саны жолаушылар арасында жобаның танымал екендігін көрсетеді. WiFi Bus Beeline жобасы ашылғалы бері жолаушылар 15 терабайт ақпарат қолданған. Мұндағы бір автобустың орташа қолдану көрсеткіші 55 гигабайт. Көш басында Астана қаласы, онда жолаушылар жоба ашылғаннан бергі 5 айда 4 мың гигабайт қолданған.
Қолданушылар арасында ең көп пайдаланылатын ресурс - YouTube (43%). Әртүрлі веб-браузерлер екінші орынға тұрақтады (26%), үшінші орында танымал ВКонтакте (14%) әлеуметтік желісі. Тізімді ары қарай Instagram мен WhatsAPP мессенджері жалғастырады - 7% және 4% сәйкесінше.
Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко осы оқиға туралы пікір білдіре отырып: «Екі жыл бұрын біз Қазақстандағы қалалардың бірінде осы сынақ жобасын аштық, сол кезде оны мұншалықты кең таралады деп ойламадық. Осы жылы біз оны айтарлықтай кеңейттік – көптеген жаңа нысандарды қосып, жабдықтарды жаңарттық, маңызды әріптестерді жұмылдырдық Біз үшін бұл жай ғана әлеуметтік жоба емес, бұл қоғамның дамуына мол мүмкіндіктерді бере отырып, сандық кеңістікті қалыптастыру жолы», - деп атап өтті.