МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢДЫ БҰЗҒАНДАРҒА 53,5 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті кейбір тауарлар мен бензин бағасының негізсіз көтерілгенін анықтады. Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде департамент басшысы Нұрлан Пірімов осылай мәлімдеді.
Атап айтқанда, АИ-92/93 маркалы жанармай, көлікті оталдыруға арналған сұйытылған газ, тауық жұмыртқасы, еті мен қанттың бөлшек саудасында осындай жағдай байқалды. Тексеруден кейін заң бұзған субъектілерге 8 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
- Биыл монополияға қарсы заңның бұзылуы бойынша 30 факт тіркеліп, 53,5 млн. теңге айыппұл салынды. Жыл ішінде соның 22,7 млн.-ы өндірілді. 14 іс сотта қаралып, нәтижесінде 12-сі департаменттің пайдасына шешілді, - деді Нұрлан Пірімов.
Назерке САНИЯЗОВА