ЭКСПО-2017 ҚАРСАҢЫНДА АСТАНА ƏУЕЖАЙЫНДА ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ САЛЫНАДЫ
ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында Астана халықаралық əуежайында жаңа жолаушылар терминалы салынады. Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мəмин мəлім етті.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ЭКСПО-2017 қарсаңында Астана қаласы əуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалы салынады. Сол арқылы жылына əуежай 7 млн жолаушыны тасымалдай алады», - деп мəлім етті А.Мəмин.
Оның айтуынша, нысан 2017 жылдың наурызында тапсырылуы керек. Сондай-ақ халықаралық терминалдың құрылысымен қатар ЭКСПО көрмесіне қарсы теміржол вокзалының да құрылысы қатар жүріп жатыр.
«Бұл жобаның басты мақсаты - Астана халықаралық əуежайынан қатынайтын жолаушылар легін көбейту», - деп атап өтті А.Мамин.