ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен 2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі штабтың кеңейтілген көшпелі мәжілісі өтті.
Жиын «Қызылордажылуэлектрорталығында» өтті. Себебі бұл мекеме Қызылорда қаласының негізгі жылу энергия көзі саналады. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев қысқы маусымға дайындық жұмыстарының атқарылуы және «ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасының облыста орындалу барысы турасында баяндама жасады.
Бүгінгі таңда қысқы маусымға білім беру мекемелерінің 95 пайызы, денсаулық саласының 93 пайызы, мәдениет үйлерінің 97 пайызы, жылу қазандықтардың 80 пайызы, көпқабатты тұрғын үйлердің 83 пайызы жылу беру маусымына дайын. Дегенмен, кезекті жылу беру маусымына бір айдай уақыт қана қалды. Аймақ басшысы қазан айына дейін барлығы сақадай сай болу қажеттігін тапсырды. Көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғыртудан өткізуге бірқатар аудандар немқұрайлық танытып отыр.
– Бағдарламаның тиімді тұстары көп. Бұған мемлекеттен қыруар қаржы қаралып отыр. Тек құжатын ретке келтірсеңіздер болғаны. Ал Қазалы, Жаңақорған, Жалағаш аудандары жайбарақат жүр. Қазалы ауданында 97 үй болса, соның үшеуі ғана жөндеуден өткен. Жалағашта екі үй ғана жөнделсе, Жаңақорған ауданы бұл бағдарламаның шарапатын көрмеген. Бұған не деп жауап бересіздер? Бұл салаға жауапты аудан әкімдерінің орынбасарларына қатаң ескертемін. Қазан айына дейін ұсыныстарыңызды беріңіздер. Бұл жүріспен 2020 жылға дейін үйлерімізді жөндеп бола алмаймыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Облыс орталығында қазіргі таңда екі көпқабатты тұрғын үй пилоттық жоба негізінде ыстық суға қосылды. Биылда бұл жұмыстар жалғасын тауып, келер жылы кем дегенда қаладағы тұрғын үйлердің тең жартысы ыстық сумен қамтылмақ.
Жалпы, жиын барысында ауыз су, электр энергия мәселелері де сөз етілді. Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне және отыр қорын жинақтауды басты назарға алуды сала басшыларына тапсырды.